Тіл сайысы «С?змерген»

Скачать файл



Разработка внеклассного мероприятия – «Жемчужина слов»

Аңдатпа. Аннотация

Мыспаева Раушан Кумарбековна

Риддер аграрлы техникалық колледж

Риторика, қазақ тілі пәні

Бұл тіл сайысының мақсаты – оқушының танымдық қасиеттерін дамыту, даналық сөздер, мақал-мәтелдер арқылы ой ұшқырлығын, еркіндігін, шеберлігін машықтандыру, тіл мәдениетін қастерлеу. Сайыстың барысында пәнаралық байланыстың өзара сабақтасуына көңіл бөлінген. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асқақтату, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, сөз қадірін түсініп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.

Қазақ сөзінің құдыреттілігіне, оның сырын сезіндіруге, ой тастайық!

Кеңдігі мен елдігін, даналығы мен дала көңілін сөзге сыйғызған,

Сөз асылын жоғалтпай, ұшқыр ойды қастерлеген,

Асыл мұра, қазынасы сарқылмас алтын сандық

Сөз қадірін — өз қадірім деп білген халық!

Мұғалім сөзі:

Ар ма! Ардақты! алқалы жұрт көз көрген,

Сіздердің алдарыңызда, тіл сайысы «Сөзмерген»

Сайысқа ой ұшқырлығын тексеру арқылы іріктеп, 3-оқушы катыстырылады.

  1. Жуастан жуан шықса, айыбы кімде: Жуаста ма? Жуанда ма? ( жуаста)

  2. Қалауын тапса қар жанбаса, айыбы кімде: қарда ма? қалауында ма? (қарда)

  3. Мәңгілік өмір іздеген кім? ( Қорқыт)

  4. Абайдың « Сегіз аяғындағы» қай өлең жолдары мақалға айналып кеткен?

( «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»)

5. Бас ауырмағанның құдаймен ісі жоқ, әншейінде анау-мынау дейміз,

Бас ауырғанда не дейміз?(құдайға шүкір)

  1. Мыңмен жалғыз алысқан қай ақын? ( Абай)

  2. «Мен қазақпын» деп жар салған ақын ( Ж. Молдағалиев)

  3. Желмаяға мініп жерұйық іздеген адам ( Асан қайғы)

  4. Жақсы неге жолдас,

Жаман неге жолдас? ( жаныңа, малыңа)

  1. «Диуани хикмет» кімнің еңбегі? (А. Иассауи)

  2. «Құдатқу білік» кімнің еңбегі? ( Ж. Баласағұн)

Сайысымыз 3-кезеңнен тұрады. Ұпай саны – 10. Әр кезеңнен соң , ұпайы төмен оқушы сайыстан шығып отырады.

1-кезең. «Мықты болсаң — тауып көр»

Берілген сөздерден сөз тіркесін жасап, мағынасын ашу


қамшысынан

қан тамды

белдігінен

қылышынан

ө

көз

ілеспей

иық

бел

те жылдам

к

бауыр

сирақ шығарды

асқазан

бүйрек

ері тартты

Д

ауа

салды

дем

бу

іни тұрғыдан емдеу

Қ

тұру

желім болды

жеген

отыру

орлық болды

шама

су көтермеді

ұйқы

сіркесі

Көңілі болмады, қабағы қатулы

К

орамал

суға кетті

балық

салы

өңілі болмады

С

бүйрек

өте шықты

бауыр

өңмең

уық тиді

Ү

жал

қарағайдай

сақал

мүйіз

лкен,ірі

ж

жылт

кетті

сарт

мүлт

аңылысты

ә

ұлт

дарыған

қулық

қадыр

улие, көреген адам

Ұпайы ең аз ойыншы келесі кезеңге жіберілмейді. Ойыншымен қоштасып, сыйлығын беру

2-кезең. «Жүйрік болсаң — шауып көр »

Сөздерден мақал-мәтел құрастыру

ауру

әдет

дерт

сырқат

науқас

Ауру қалса да, әдет қалмайды.

дерт

тер

қан

тері

Тер шықпағаннан, дерт шықпайды.

сырқат

қайғы

ауру

науқас

дерт

Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы.

ат

тегіне тартады

сиыр

ешкі

қой

Аттың тегі қарталы, бір тегіне тартады.

есек

қазық

түйе

өгіз

ат

Ат айналып қазығын табар

ауыл

Төсек

төркін

аға

нағашы

Төркіні жақынның төсегі жиналмас

етек

тыныс

жаға

жез

бел

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

қанағат

ат

ынсап

пейіл

місе

Қанағат қарын тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар

бес

жұрт

бір

тоғыз

жеті

Жеті жұрттың тілін біл

ызақор

тырысқақ

аш

еңбекқор

Аш кісі – ұрысқақ, ауру кісі — тырысқақ

Ұпайы аз ойыншы сайыстан шығып қалады. Ойыншыны марапаттау

3-кезең. «Ойлы болсаң – озып көр»

Бабалардан жеткен сөз

От ауызды, орақ тілді шешен-билердің, ақын-жазушыларымыздың айтқан даналық сөздерінен үзіндіні аяқтау, толықтыру

  1. Адамға екі –ақ нәрсе керек тегі:

… …. , … ….. … ( Ж. Баласағұн)

  1. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

… … …. … … ( Абай)

  1. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

… …. , … …. , … … . ( Абай)

  1. Дүниеде не қатты?

Не жұмсақ?

Не тәтті? ( Төле бидің жауабы)

5. Дүниеде не өлмейді? ( Жиренше шешен)

  1. Алланы сүй, адамзаттың бәрін сүй,

… … , … … … , …. … . ( Абай)

  1. Пайда ойлама, ар ойла

… … … … . ( Абай)

  1. Әнет баба: «Дүниеде не арсыз, не ғайып, не дауасыз, не қадірсіз, не тәтті, не күшті, не жаман» деген сұрақтарға мынадай жауап беріпті:

Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі

Үш ғайып: ажал, қонақ, несібе

Үш дауасыз: мінез, кәрілік, ажал

Үш қадірсіз: жігіттік, денсаулық, әйел

Үш тәтті: жан, мал, жар

Үш күшті: ақыл, жүрек, тіл

Үш жаман: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу

Жүлде Сөзмергендегі сөз маржанын терген Сізге,

Сөз халыққа болсын!

Жеңімпазға «Сөзмерген» деген атақ беріледі.

Добавить комментарий