"Тамырын жайып тереңге" сабақ жоспары

Скачать файл



«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: Өлеңті ЖОББМ

Мерзім: 09.12.16 ж № 13 сабақ

Мұғалім: Кажикова Г.Т. Сынып: 7 Оқушылар саны: 7 

Тақырып: Тамырын жайып тереңге

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Ынтымақтастық, сыйластық, мейірімділік, татулық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасылық өмірдің маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін шешу.

Міндеттері:

  • отбасындағы ынтымақтастық пен сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін ашу, сенімділік, татулық қасиеттері туралы түсінік беру;

  • отбасының ынтымақтастығын нығайтуға, сүйіспеншілікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(белсенді тақта, кітап, дәптер)

А 4 қағазы,

маркер,бейне таспаға жазылған әуендер,

бейнефильмдер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады. «Нұрға бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабаққа алдын-ала берілген дайындық жұмысы.

«Боз орамал» әңгімесі П.Джон

Сұрақтар:

  1. Не себептен тақырып «Боз орамал» атанды?

  2. Жасөспірімнің ата –анасынан қол үзіп кетуінің себебі неде?

  3. Жігіттің түскен ортасы қандай болды?

  4. Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

  5. Ата–ана мен баланың арасындағы сағынышты қалай байқауға болады?

  6. Жігіттің отбасына деген сезімінен не байқалады?

  7. Сенің өміріңде отбасыңның алатын орны қандай?

  1. Дәйексөз

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы-әдеп пен сый» Мұхтар Әуезов

Мұғалім сыйы «Ақылды ана туралы өсиет әңгіме»

Жас Ана енді ғана аналық жолға түседі. Баласын қолына алып, күлімсіреп, ол ойланып кетеді: «Бұл бақыт қаншалықты ұзаққа созылады?» Сонда періште оған жауап береді: «Аналық жол ұзақ та қиын. Сен оның соңына жетем дегенше қартаясың. Бірақ біліп қой, аяғы басына қарағанда жақсы болады».Дегенмен жас Ана бақытты болды, ол осы жылдарынан артық жақсы нәрсенің болатынын елестете де алмады. Ол өз балаларымен ойнады, жол бойында оларға арнап гүл жинап берді және таза судың ағынында оларды шомылдырды; күн де оларға қуана шуағын төкті, жас ана қуана: «Осы бақытты сәттен асқан керемет ешнәрсенің болуы мүмкін емес!» — деп айғайлайды.

Енді түн болғанда, дауыл тұрады, қараңғы жол көрінбейді, ал балалары қорқыныш пен суықтан дірілдеп тұрды. Ана олард құшағына алып, жүрегіне таман құшақтап, өзінің сен жамылғысымен орады. Балалары болса: «Анашым, біз қорықпаймыз, өйткені сен жанымыздасың және қорқынышты нәрсенің болуы мүмкін емес» — деді.

Таң атқан кезде олар өз алдыларынан тауды көреді, балалар жоғарыға көтеріле бастады, шаршады… Анасы да қажыды, бірақ балаларына үнемі айтумен болды: «Тағы азырақ шыдасаңдар, біз сол жақта боламыз». Балалары көтеріліп, шыңына жеткенде, олар: «Анашым, біз сенсіз бұны ешқашан істей алмас едік!» — деді.

Сонда Ана түнде жатып, жұлдыздарға қарап, былай деді: «Бұл – өткенге қарағанда керемет күн, себебі менің балаларым қиындықтың алдында рухтың күшін білді. Кеше мен оларға батылдықты бердім. Бүгін мен оларға күш бердім».

Ал келесі күні жер бетін басқан біртүрлі бұлттар пайда болды. Бұл соғыстың, өшпенділіктің және жамандықтың бұлты еді. Балалар да қараңғыда өз Аналарын іздеді… ал оған жолыққанда Анасы: «Көздеріңді Жарыққа қаратыңдар» — деді. Балалары жоғары қарап, осы бұлттардан жоғары Бүкіл әлемнің Мәңгілік Даңқын көреді, бұл оларды қараңғылықтан алып шықты.

Сол түні Ана: «Бұл – барлық күндерден керемет, өйткені мен балаларыма Жаратушыны көрсеттім» — деді.

Күндер өтеді, апта, айлар және жыл өтеді, Ана қартаяды, біраз бүкірейеді… Дегенмен оның балалары өсіп, мықты болады және өмірге батыл аяқ басады. Ал жол қиындаған кезде олар мамық сияқты жеңілденіп, анасын көтеріп алып жүреді… Ақырында олар тауға көтеріледі, енді оның көмегінсіз де жолдың жарқын екендігін, ал алтын қақпалардың кеңінен ашық екенін көре алды.

Сонда Ана былай дейді: «Мен өз жолымның соңына жеттім. Енді мен басына қарағанда соңының жақсы екенін білемін, өйткені менің балаларым өздері жүре алады және олардың балалары да олардың артынан жүреді».

Балалары да айтты: «Анашым, осы қақпалардан өтіп кетсең де сен бізбен үнемі бірге боласың». Олар оның жалғыз жүріп бара жатқанына және оның соңынан қақпалардың қалай жабылғанына қарап, бақылап тұрды. Сонда олар: «Біз оны көре алмаймыз, бірақ ол әлі де бізбен бірге. Ол — Тірі».

Сендердің Аналарың – үнемі сендермен: сендер көшеде келе жатқанда, ол жапырақтардың сыбдырында, ол – сендердің жаңа ғана жуылған ағартылған жаймаларыңнның иісі, ол – сендерге қиналған кездегі маңдайларындағы жылы қолы. Аналарың сендердің риясыз күлкілеріңнің ішінде және ол – сендердің көз жастарыңның әр тамшысында. Ол – сендердің Көктен келетін орындарың – бірінші үйлерің. Ол – сендердің ең алғашқы сүйіспеншіліктерің, сендерді жер бетінде ешнәрсе ажырата алмайды. Уақыт та, орын да… тіпті өлім де!

Сұрақтар:

1.Жас Ана өз балаларын неге үйретті?

2.Ер жеткен балаларының бойынан нені байқадыңыз?

3.Қарт анаға балалары өз ризашылықтарын қалай білдірді?

4.Сендер ананың бойынан қандай қасиеттерде көрдіңдер? Айтып берші. 5.Сендер аналарыңды қандай бейнеге ұқсатасыңдар? Ананың бейнесін сипаттаңыздар.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Отбасы» ,«Адамның жақсы қасиеттері».,«Мейірімді бала» тақырыбында сахналық көрініс көрсету.

  1. Топпен ән айту

«Ана туралы жыр» сөзі. Ғ.Қайырбековтікі

Өлеңі: Ш.Қалдаяқовтікі

  1. Үй тапсырмасы. Оқып келу.

1. Оқулықтың 65 бетіндегі, №15 сабақта берілген Р.Акдемір «Ана махаббаты» әңгімесін оқып келу.

2. «Менің отбасым » эссе жазып келу.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

«Әке арманы» әнін орындау

Добавить комментарий