?аза? ?дебиеті 8 сынып C?кен Сейфулин

Скачать файл



С А Б А Қ № 16

Тақырып: Сәкен Сейфуллин

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақстанның көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету.»аққудың айырылуы» поэмасымен оқушыларды таныстыру, поэмадағы негізгі идея – адал достық,шынайы,кіршіксіз, таза махаббат мәселесін көтеру;

2.Дамытушылық: поэманы мазмұнына сай мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Махаббат пен зұлымдықты салыстыра отырып ізгілік жөнінде ой қорыту дағдыларын дамыту

3.Тәрбиелік:Адал достыққа үндеу,махаббаттың белгісі – аққуға жасалған ұлымдылыққты айта отырып,балалардың табиғатқа ізгілік қарым-қатынасын дамыту; қоршаған ортаны қорғауға шақыру; экологиялық тәрбие беру; жақсылық пен жамандықты ажырата білуге баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Қолданатылатын әдіс-тәсілдер: дамыта оқу

Көрнекі құралдар: С.Сейфуллиннің портреті,С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы суреттер, қосымша материалдар,көлде жүзіп жүрген қос аққудың суреті, Н.Тлендиевтің « Аққу күйі» аудиотаспасы.

Сабақтың эпиграфы: «Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған,ал нағыз ақынның

халқы өмір сүрсе,ол да мәңгілік өмір сүрген»

Р.Сейсенбаев.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу сыныптағы оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру оқушыларды түгендеу/

2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ж. Аймауытов өмірі мен шығармашылығы туралы.

2. Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романнан үзіндісінің мазмұнын айту.

3. Жаңа сабақ.

I. Сабақтың тақырыбы бойынша ой қозғау – побуждение.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: балалар, тақтаға қараңдар. Бүгін сабақта XX ғасырдың тағы бір белгілі ақыны Сәкен Сейфуллин туралы әңгімелесеміз.

Ұжымдық жұмыс.

Біріншіден, мына сұрақтарға жауп беріп алайық:( тақтада плакатқа жазылған сұрақтар ілініп тұру керек):

1.Сәкен Сейфуллин кім?.

2.Оның шығармашылығымен қандай сыныпта таныстыңдар?

3.Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

* Үнтаспадан Н.Тілендиевтың «Аққу» күйін ақырын ойнатып қою.

II. Сабақ тақырыбының мазмұнын ашу – осмысление.

* Ұжымдық жұмыс: «Аққудың айырылуы» поэмасының мазмұнымен оқып, танысу.

Оқып болған соң оқушыларға шығарманы мынадай бөлімдер бойынша талдау ұсынылады:

1.Кіріспе

2.Екі аққудың кездесуі.

3.Мергеннің аққуды атуы.

4. Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.

Топпен жұмыс:

Жұмысты жеңілдету үшін әр топқа жетекші сұрақтар беріледі.

1 топқа: Кіріспе.

1.Кіріспеде не туралы жазылады?

2.Көлді сипаттаған үзіндіні тауып,жазып,оқып беру.

3.Көлді сипаттауға теңеулерді тауып көшіріп жазу.

4.Көлді мекен еткен аққу қандай?

5.Көлді тағы қандай құстар мекендейді?

6.Құстар қайтеді?

2 топқа. Екі аққудың кездесуі.

1.Бір мезгілде алыстан не есітіледі?

2.Екі аққудың кездескен сәтін мәтіннен тауып оқып бер?

3.Кездескенде екі аққу қайтті?

4. Екі аққудың бұл әрекетінен не байқадыңдар?

5. Бұл бөлімде ақын нені жырлайды?

3 топқа. Мергеннің аққуды атуы.

1. Аққулар айырылып кеткен соң не болды?

2. «Суық жүрек» деп кімді айтады? (суық жүрек деген сөздің синонимын табу)

3.Аққуға атылған оқ немен теңеген?

4. Атылған оқ көлге қалай әсер етті?

4 топқа. Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.

1. Аққудың сыңары қалай күңіренеді? ( мәтіннен тауып оқыңдар.Өз сөздеріңмен баяндаңдар)

2. Зарлаған аққу мергенге не деп жалынады?

3.Мергеннің өзін атпасын білген аққу қандай шешімге келді?

4. Аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді?

5.Аққудың өлімінен қандай ой түюге болады?

III. Оқушылардың ой-пікірін білу – рефлексия.

Әр топ оздеріне берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін 1-2 оқушы дауыстап жауаптарын оқиды. Қалған топ оқушылары жауаптарды толықтырып отырады.

3. Сабақ қорытындысы:

— Ал,балалар,поэманы оқыдық,әр топ сұрақтар бойынша жұмыс істеді, енді айтқандарымызды қорытындайық.

1. Осындай тамаша поэманы жазған ақын С.Сейфуллин қандай адам деп ойлайсыңдар?

2. Аққу құсы қазақ халқында ненің белгісі?

4. Бағалау.

5. Үй тапсырмасы: «Бандыны қуған Хамит» әңгімесін оқып келу.

Добавить комментарий