Ас-адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер. Нәтиже сабақ

Скачать файл



Сынып: 1

Пәні:Сауат ашу

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ас-адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер. Нәтиже сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

1.Тірек сөздер/сызбалар/суреттер/белгілердің көмегімен жай сөйлемдер/шағын мәтін құрастырып жазады.

2. Әр түрлі жанрда (хабарлама/ нұсқаулық) сөйлемдер /мәтін құрап жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

Білу

Түсіну

Қолдану

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік мақсат

Тақырыпқа байланысты сөздерді үш тілде танып білуге үйрету.

Тілдік құзыреттілік

мамандық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

8 минут

1-жаттығу

Суреттерді ретімен қойып шық және әңгімелеү

2-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы.

3-жаттығу

Мақалды көркем жаз.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бiр отырып, бiр тұрып,

Тез шынығып шығамыз.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут

4-жаттығу

Дыбыстарды дауыыссыз және дауысты дыбыстарға топтап жаз.

Дауысты дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар

Оқулық, дәптерлер.

Дескриптор:

1.Тірек сөздер/сызбалар/суреттер/белгілердің көмегімен жай сөйлемдер/шағын мәтін құрастыра алады.

2.Әр түрлі жанрда (хабарлама/ нұсқаулық) сөйлемдер /мәтін құрап жаза алады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз

1. «Кім тапқыр»ойыны

2. Видеоролик «Дауысты, дауыссыз дыбыстар»

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалы тигізер еді?

1.Ойындар «Кім жылдам?»

2. Сурет салу «Менің отбасым» тақырыбында.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

Әріптердің ағылшын тілінде дұрыс дыбысталуына назар аударуым керек екенін ұқтым.

Добавить комментарий